6 шілде - Астана күні
2024 жылы Астана қаласының құрылғанына 26 жыл толды. Елорда ғажайып ғимараттарымен және ерекше келбетімен Еуразиядағы ең әсем қалалардың біріне айналды. Астана дәстүр мен жаңашылдықты үйлестіре отырып, еліміздің дамуы мен өркендеуінің жарқын символы болып, бүкіл әлемге танылды. Бұл мереке елорда тұрғындары үшін ғана емес, әрбір қазақстандық үшін де ерекше күн болып табылады.