07
шілде
2024
7 шілде - Ұлттық домбыра күні
Елімізде шілде айының бірінші жексенбісінде Ұлттық домбыра күні атап өтіледі. Бұл күн ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтап, жаңғырту идеясын насихаттайды. Домбыра қазақ халқының қуаныш пен қайғысын жеткізетін киелі аспап ретінде жоғары бағаланады. «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деген сөздер арқылы домбыраның ұлтымыз үшін қаншалықты маңызды екенін ұғынуға болады. Қасиетті қара домбырадан күмбірлеген күй төгіп, ұлттық дәстүрдің ажырамас бөлігі болып табылады. Осы мереке ұлттық құндылықтарды ұлықтау мен тарихтың куәсі болған аспапқа деген қызығушылықты арттырады. Баршаға денсаулық, амандық тілейміз. Еліміз өркендеп, абыройы арта берсін!
Күйлер жинағы