Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бірлестігі онкүндігі есебі
«Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы №190 ЖББМ» КММ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бірлестігі өткізген онкүндікте атқарылған жұмыстардың есебі
2025-2026 оқу жылының 06 мен 17 қазан аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің онкүндігі болып өтті. Онкүндік қазақтың ұлы ақыны-Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналды. Бұйрыққа сәйкес онкүндіктің жұмыс жоспары жасалды.
«Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы №190 мектептің»қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің 2025 жылдың 06-17 қазан аралығындағы ұйымдастырылған Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Абай-ақыл-ойдың алыбы» атты онкүндік жұмыс
ЖОСПАРЫ
Мақсаты: Оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылықтарын, Мемлекеттік тілге деген құрметін арттыру. Ұлы Абайдың шығармашылығы мен ілімін дәріптеу мен болашақ ұрпаққа үлгі ету
№ | ІС-ШАРАЛАР | МЕРЗІМІ | ӨТЕТІН ОРНЫ | ЖАУАПТЫ МҰҒАЛІМДЕР |
1 | «Абай-ақыл-ойдың алыбы» атты онкүндіктің ашылу салтанаты | 06.10.2025 | 22-кабинет Сағат 11.55 | Қазақ тілі мен әдебиеті ӘБ |
2 | «Абай-ақыл-ойдың алыбы» тақырыбында кітап көрмесі | 06-17.09 | Мектеп дәлізі мен мектеп кітапханасында | Мектеп кітапханашысы Абдрашитова Г |
3 | Ашық сабақ. Тақырыбы: «Анамның тапсырмасы» | 07.10.2025 | 14 кабинет 4 «В» сынып 2 сабақ 9.20 | Кәрібай Н.А |
4 | «Абай – дана, Абай-дара қазақта» атты эссе байқауы | 08.10.2025 | 26 кабинет 12.00 | ӘБ мұғалімдері |
5 | Көңілді үзіліс «Мақал-мәтелді жалғастыр» | 07,08,09, 10.2025 Үзіліс кезі | Мектеп дәлізі | ӘБ мұғалімдері |
6 | Көңілді үзіліс: «Абай өлеңдерін жалғастыр» ойыны | 10,13.14. 10.2025 Үзіліс кезі | Мектеп дәлізі | ӘБ мұғалімдері |
7 | «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез» сұрақ-жауап алаңы | 15,16,17 10.2025 Үзіліс кезі | Мектеп дәлізі 2-11 сыныптар | ӘБ мұғалімдері |
8 | Ашық сабақ. Тақырыбы: «Ғаламдық экология мәселелері» | 09.10.2025 | 26 кабинет 7 «Б» сыныбы 6 сабақ 13.00 | Джакипова Ж.С |
9 | Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысы Абайдың 17 қарасөзі. Көрініс | 10.10.2025 | 5-11 қазақ,орыс Сыныптары (үш тілде) | ӘБ мұғалімдері |
10 | Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «Абай-қазақ халқының ұлы тұлғасы» тақырыбында жобалар байқауы | 13.10.2025 | 22 кабинет 12.00 | ӘБ мұғалімдері |
11 | Ашық сабақ. Тақырыбы: «Қайырымды бала» | 13.10.2025 | 26 кабинет 3 «Б» сыныбы 3 сабақ 10.20 | Оспанова Ф.А |
12 | Интелектуалдық сайыс | 14.10.2025 | 26 кабинет 4,5,6 орыс сыныбы Сағат 12.05 | Джакипова Ж.С Кәрібай Н.А |
13 | Ашық сабақ. Тақырыбы:Мұқағали Мақатаев-ақиық ақын» | 16.10.2025 | 26 кабинет 6 «Б» сыныбы Сағат 8.30 | Нарымбаева Ж.Д |
14 | Дөңгелек үстел Абайдың «Толық адам» ілімі | 15.10.2025 | Мәжіліс залы 5-11 сыныптар Сағат 14.00 | ӘБ мұғалімдері |
15 | Семинар-практикум Тақырыбы: Абайдың «Толық адам» ілімі бойынша тәжірибе алмасу | 16.10.2025 | 21 кабинет Сағат 14.00 | ӘБ мұғалімдері |
16 | «Абай-ақыл-ойдың алыбы» әдеби музыкалық кеш. Онкүндіктің жабылуы | 17.10.25 | Мәжіліс залы Сағат 14.00 | ӘБ мұғалімдері |
Бұйрыққа сәйкес 6 қазан күні мектебімізде онкүндіктің ашылу салтанаты өтті. Әдістемелік бірлестік жетекшісі онкүндіктің басталғанын жариялап, жоспармен таныстырды. Оқушылар Ұлы ақын-Абай Құнанбайұлының өлеңдерін жатқа оқып, қара сөздерінен үзінділер оқыды. Мектеп кітапханашысы Абдрашитова Г «Абай-ақыл-ойдың алыбы» тақырыбында кітап көрмесін жасап, балаларды Абай аталары туралы кеңірек мағлұмат алуға шақырды. Үзіліс мезгілдерінде оқушыларға танымдық «Көңілді үзіліс» ойындары ұйымдастырылып, өткізілді. Аптаның әр күні ашық сабақтар, интелектуалды ойындар, эссе байқауы, мәнерлеп оқу байқауы, дөңгелек үстел, семинар ретімен жоспар бойынша өткізілді.
Эссе байқауы бойынша 5-7 сыныптар арасында:
1 орын Балғабай Мұхамад.
2 орын Хамза Мадина, Ұлыхан Құдайберген.
3 орын Серік Аяулым, Тілеубай Алихан, Оңғарова Жасмин
8-10 сыныптар арасында:
1 орын Хамза Роза. Омаржан Аружан.
2 орын Мейірбек Мұхамедали, Тілеубай Ақнұр
3 орын Елубай Рахман, Абдиева Айша.
Мәнерлеп оқу бойынша бастауыш сыныпта:
Бас жүлде Щукина Арина
1 орын Абдалиева Ирада, Щукина Есения
2 орын Сейдан Мариям, Понтюхина Дарина
3 орын Альжипарова Дамиели, Киндикбаев Ричард
Жобалар байқауы қазақ сыныптары бойынша:
1 орын Әділхан Мөлдір 6 «А»
2 орын Ұлан Адель 8 «А»
3 орын Елубай Рахман, Хамза Роза 8 «А»
Орыс сыныптары бойынша:
1 орын Милешин Георгий
2 орын Цинк Мария, Мекебаев Аким
3 орын Абдалиев Ислам, Аралбай Ибрахим, Ушуров Хафиз

Ашық сабақ. Тақырыбы: «Анамның тапсырмасы» Кәрібай Н.А

«Абай-дана, Абай-дара қазақта» атты эссе байқауы. 5-10 сынып оқушылары


Көңілді үзіліс: мақал-мәтелді жалғастыр

Көңілді үзіліс: «Абай өлеңін жалғастыр»

Көңілді үзіліс: «Білімдіден шыққан сөз...» 2-10 сыныптар
Ашық сабақ. Тақырыбы: «Ғаламдық экология мәселелері» Джакипова Ж.С.


Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу.

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «Абай-қазақ халқының ұлы тұлғасы» тақырыбында жобалар байқауы.

Ашық сабақ: Қайырымды бала. Оспанова Ф.А

Интелектуалдық сайыс. Джакипова Ж:С, Кәрібай Н.А

Ашық сабақ. Тақырыбы: Мұқағали Мақатаев-ақиық ақын. Нарымбаева Ж.Д

Абайдың «Толық адам» ілімі бойынша, «Дөңгелек үстел 8,10,11 сыныптар. Батырбекова Н.А

Сыныптан тыс іс-шара «Ақыл,қайрат,жүрек»

«Абай-ақыл-ойдың алыбы» онкүндіктің жабылу салтанаты
