Алматы қаласы Білім басқармасының
«Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы №190 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-71-79
Есепші бөлімі:
+7(727) 297-71-79
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
шілде
2024

Жазғы сауықтыру лагерлеріне қойылатын талаптар

Қазақстан Республикасында жазғы сауықтыру лагерлеріне қойылатын талаптар 2022 жылғы 10 тамыздағы №ҚР ДСМ-78 бұйрығымен бекітілген «Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» қағидаларында реттеледі. Маусымдық жазғы сауықтыру қызметін жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар санитариялық талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуі қажет. Лагерь аумағы қоршалып, тұрмыстық ауыз су, ыстық сумен жабдықтау, канализация, жарықтандыру, желдету және басқа да жүйелердің жақсы жағдайда болуы шарт. Барлық бөлмелер таза болып, күнделікті жуғыш және дезинфекциялық құралдармен тазалау жүргізілуі тиіс. Жәндіктер, кенелер, кеміргіштер сияқты зиянкестердің болуына жол бермеу үшін дератизация және дезинсекция шаралары жасалуы керек. Жиһаздар мен жабдықтар балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес болуы тиіс.

Жазғы сауықтыру лагерлерінде тағам мәзірі нысан басшысымен бекітіледі. Тамақ өнімдерін қабылдау сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттары болған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Сүзбе, айран, кілегей қосылған кондитерлік өнімдер, қуырылған тағамдар, қаймақ пен майонез қосылған салаттар, тәтті сусындар және фастфуд тағамдарына рұқсат етілмейді.

Лагерь жауапты тұлғалары тағамның сапасын, сақтау жағдайларын және мерзімдерін қадағалайды. Дайын тағамды тарату медициналық қызметкердің сапасын бағалауынан кейін жүзеге асырылуы тиіс. Күнделікті дайын өнімнен тәуліктік сынама алынады.

Медицина қызметкерлері балалардың аурушаңдығын азайтуға және денсаулығын жақсартуға арналған сауықтыру шараларының жоспарын әзірлеуі қажет. Үй-жайлар, аумақтар, суға түсу және спорт алаңдарының дайындығын тексеріп, балалардың денсаулығын бақылап, шынықтыру шараларын жүргізіп, қызметкерлердің профилактикалық тексеруден өтуін қамтамасыз етуі тиіс. Барлық қызметкерлердің жеке медициналық кітапшалары болуы шарт.

Балалардың денсаулығы дұрыс ұйымдастырылған күн тәртібі, теңдестірілген тамақтану, жеткілікті ұйқы және дене шынықтырумен тікелей байланысты. Сондықтан ата-аналар балалардың жеке бас гигиенасын сақтауға, қауіпсіз және пайдалы демалысқа көңіл бөлуі керек.