Алматы қаласы Білім басқармасының
«Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы №190 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-71-79
Есепші бөлімі:
+7(727) 297-71-79
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
наурыз
2025

Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің декадасы есебі 2025 жыл

«Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы №190 ЖББМ» қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің 2025 жылдың 03-14 наурыз аралығында өткен «Тіл-асыл қазына» атты онкүндігінің есебі

Мектебімізде 2025 жылдың 03-14 наурыз аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің  «Тіл-асыл қазына» атты онкүндігі болып өтті. Онкүндіктің жоспары жасалып, жоспарға сай іс-шаралар өткізілді. 

«Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы №190 мектептің»қазақ тілі мен әдебиеті                пән бірлестігінің 2025 жылдың 03-14 наурыз аралығындағы ұйымдастырылған  «Тіл-асыл қазына» атты онкүндік жұмыс жоспары                       

Мақсаты:Оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылықтарын,                     Мемлекеттік тілге деген құрметін арттыру. 

ІС-ШАРАЛАР

МЕРЗІМІ

ӨТЕТІН ОРНЫ

ЖАУАПТЫ МҰҒАЛІМДЕР

1

«Тіл-асыл қазына» атты онкүндіктің ашылу салтанаты

03.03.2025

Сағат 12.00

22-кабинет

Қазақ тілі мен әдебиеті  ӘБ

2

«Кім жүйрік»  интелектуалды ойыны 

03.03.2025

1 сабақ

3 «Б»                              14 кабинет

Кәрібай Н.А

3

«Қазақ тілінен қызықты тапсырмалар» сайыс сабағы

03.03.2025

2 сабақ. 13.50

4 «Б»

26 кабинет 

Джакипова Ж.С

Кәрібай Н.А

4

«Мақал сөздің мәйегі» Мақалды жалғастыру

04,03.2025

Үзіліс кезі

Мектеп дәлізі

ӘБ мұғалімдері


5

«Ана тілің арың бұл..» атты эссе байқауы

04.03.2025

2 сабақ. 9.15

25 кабинет

5-11 сыныптар

Кәрібай Н.А

 6

 «Анамның тілі-баламның тілі, бабамның тілі» Дөңгелек үстел

05.03.2025

13.00

25 кабинет

5-11 сыныптар

Оспанова Ф.А

7


«Білгірлер бәйгесі» ойыны 

05.03.2025

Үзіліс кезі

Мектеп дәлізі


Батырбекова Н.А

Оспанова Ф.А

8

«Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез» сұрақ-жауап алаңы

06.03.2025

Үзіліс кезі

Мектеп дәлізі

2-11 сыныптар

ӘБ мұғалімдері

9

«Әдеби шығармадан алған әсерім» «Сәлем хат!» айдары


06.03.2025

13.00

25 кабинет

5-11 қазақ сыныптары

Нарымбаева Ж.Д

10

 «Бауыржан батыр» 

Ашық сабақ.


07.03.2025

Сағ 10.20

3 «Б» сынып 

Сағат 10.20

26 кабинет

Оспанова Ф.А



11

«Ертегілер әлеміне саяхат» 

Сыныптан тыс сабақ

07.03.2025

5 сабақ. 12.00

3 «Б», 4 «Б» 

22 кабинет

Джакипова Ж.С

Оспанова Ф.А

12

 «Бұл кісі суретші» 

Ашық сабақ

11.03.2025

5 сабақ. 12.10

3 «Б»

14 кабинет

Кәрібай Н.А

13

 «Наурыз-жыл басы»

 Ашық сабақ

11.03.2025

4 сабақ. 11.10

6 «А»       

25 кабинет

Батырбекова Н.А

14

«Өнер-білім бар жұрттар»

Ашық сабақ

11.03.2025

5 сабақ. 12.10. 

5 «Б»

29 кабинет

Нарымбаева Ж.Д

15

«Шәкәрім шығармалары-рухани жаңғырудың қайнар көзі» Шәкәрім Құдайберді туралы танымдық кеш

13.03.2025

13.00


Мәжіліс залы


Батырбекова Н.А


16


 «Қай спорт секциясына қатысасың?» 

Ашық сабақ

13.03.2025

1 сабақ. 8.30 

6 «Б» 

26 кабинет


Джакипова Ж.С


17







Семинар

Тақырыбы: «Сабақта төрт дағдыны цифрлық сауаттылық арылы қолдана отырып, білім алушылардың  белсенділігін арттыру жолдары» тақырыбы  бойынша тәжірибе алмасу

Онкүндіктің жабылуы

14.03.2025

Сағ: 13.00




22 кабинет






Джакипова Ж.С






Онкүндіктің  03.03.2025 күні сағат 12.00-де «Алғыс айту» күнімен  ашылуы басталды.                   «Алғыс айту күнінің мән-мағынасын сезіндірумен қатар «Шашу шашу»,«Беташар» рәсімі көрсетіліп, бірнеше ұлттық құндылықты дәріптейтін ұлттық ойындар ойнатылды, ұлттық тағамдармен жасалған қазақы дастархан жайылды.                                                                                                          

Дәл осы 03.03.25 күні 1-сабақ сағат 13.00-де Кәрібай Нұрай 3 «Б» сыныбында «Кім жүйрік?» интелектуалды ойын сабағын өткізді. Ал 2-ші сабақта сағат 13.50-де Джакипова Жұлдыз бен Кәрібай Нұрай 4 «Б» сыныбында «Қазақ тілінен қызықты тапсырмалар» тақырыбында сайыс сабағын өтті. 

04.03.25 күні «Көңілді үзіліс» айдарында бірлестік мұғалімдері мектеп фоелерінде 2-11 сыныптар арасында «Мақал сөздің мәйегі» тақырыбында «Мақалды жалғастыр» ойындарын өткізді. 

04.03.25 күні 2-ші сабақ 09.15-те Нарымбаева Жанар «Ана тілің арың бұл...» тақырыбында 5-8 сынып аралығында ээсе байқауын өткізді.  

Эссе байқауында  5-6 сыныптар бойынша: 1-орын Шаймұханова Айсұлу  6 «А»

                                                                                  2-орын Ұлыхан Құдайберген  5 «А»

                                                                                  3-орын Тілеубай Алихан          5 «А»

Эссе байқауында 7-8 сынптар бойынша:     1-орын  Әділхан Мөлдір          8 «Б»

                                                                                  2-орын Абдиева айша             7 «А»

                                                                                  3-орын Ескенбай Іңкәр           7 «А»

05.03.25 күні 13.00-де Батырбекова Назым мен Оспанова Фарида 5-11 сыныптар арасында «Анамның тілі-баламның тілі,бабамның тілі» тақырыбында «Дөңгелек үстел» өткізді. Мұнда әр сыныптан қатысқан оқушылар тақырып бойынша жұрекжарды сөздерімен сөз жарыстырып,  ойларын ортаға салды. Оқушыдар ашылып ойларын айтып, қызықты диспут өтті.

05.03.25 күні Батырбекова Назым мен Оспанова Фарида «Көңілді ұзіліс» айдарында мектеп фоесінде 2-11 сыныптар арасында «Білгірлер бәйгесі» атты ойын өткізді.  Оқушылар су толтырылған шөлмек ішінен сөздерді тауып, мағынасын анықтады. Ойын балаларға ұнады. 

06.03.25 күні бірлестік мұғалімдері мектеп фоелерінде «Көңілді қоңырау» айдарында 2-11 сыныптар арасында «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез» атты сұрақ-жауап алаңында кездесу өткізіп, оқушыларға танымдық мәтіндерді ұсынып, білім көкжиектерінің аясын бағдарлады.

06.03.25 күні бірлестік мұғалімдері «Көркемшығармадан алған әсерім» тақырыбында 5-11 сынып оқушылары арасында «Сәлем хат!» айдарымен айтылым жасады. Оқушылар қазақ әдебиеті пәнінен өтіп жатқан әдеби шығармалардан алған әсерін әр түрлы формада жеткізді. Бірі хат қып айтса, бірі, мазмұнын айтып, бірі бір-біріне сұрақтар қойып, бірі жауап беріп шығарма бойынша өз әсерлерімен, қалай түсінгендерімен бөлісті. 

07.03.25 күні Оспанова Фарида 3 сабақ сағат 10.20-да 3 «Б» сыныбында «Бауыржан батыр» тақырыбында ашық сабақ өтті. 

07.03.25 күні Джакипова Жұлдыз бен Оспанова Фарида 5-сабақ   12.00-де 3 «Б», 4 «б» сыныптарымен «Ертегілер еліне саяхан» атты сыныптан тыс сабақ өткізді. Онда бағдарлама бойынша өткен қызылша туралы ертегіні оқушылар образға кіріп әдемі сомдап шықты.

11.03.25 күні Батырбекова Назым    4 сабақ 11.10  6 «А» сыныбында «Наурыз-жыл басы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. 

11.03.25 күні Кәрібай Нұрай 3 «В» сыныбында 5 сабақ сағат 12.10-да «Бұл кісі суретші» тақырыбында ашық сабақ өткізді. 

13.03.25 күні Джакипова Жұлдыз 1 сабақ 8.30-да  6 «Б» сыныбында «Қай спорт сексиясына қатысасың?» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

13.03.25 күні 5 сабақ 12.10-да Нарымбаева Жанар 3 «Б» сыныбында «Өнер-білім бар жұрттар» тақырыбында ашық сабақ өткізді. 

Барлық ашық сабақтарға әкімшілік өкілдері мен мұғалімдер қатысып, өз пікір-тілектерін айтып, бағаларын берді. 

13.03.25 күні Батырбекова Назым 13.00-де Мәжіліс залында «Шәкәрім шығармалары-рухани дамудың қайнар көзі» тақырыбында Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы танымдық кеш өткізді. Кешті  қос жүргізуші әдеді жүргізді. Шәкәрім Құдайбердіұлының өмір жолынан слайд көрсетіліп, оқушылар өлеңдерін мәнеріне келтіріп оқып берді. Кеш соңында Шәкәрімнің «Анадан алғаш туғанда» әнін 5-7 сынып оқушылары нақышына келтіріп орындап, көрерменнің ықыласына бөленді. Кеш оқушылардың Шәкәрім аталары туралы танымдық көкжиегін кеңейтіп, өлеңдерін ұғынуға  деген қызығушылықтарын оятты деп айтуға болады. Осы кешпен онкүндіктің жабылуы қорытындыланып, онкүндікке белсенді қатысқан, эсседен орын алған оқушыларға мақтау қағаздары тапсырылды. 

14.03,25 күні Джакипова Жұлдыз «Сабақта төрт дағдыны цифрлық сауаттылық арқылы қолдана отырып, білім алушылардың белсенділігін арттыру жолдары» тақырыбы бойынша мектеп мұғалімдеріне арналған тәжірибе алмасу семинарын өткізді. Осы семинармен онкүндік жоспарға сай атқарылып, жабылды.