Алматы қаласы Білім басқармасының
«Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы №190 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-71-79
Есепші бөлімі:
+7(727) 297-71-79
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Мектеп бітіру кешіне”, қорытынды аттестаттау, мектепішілік іс-шараларға байланысты талаптар
02
мамыр
2025

“Мектеп бітіру кешіне”, қорытынды аттестаттау, мектепішілік іс-шараларға байланысты талаптар

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!
 2024–2025 оқу жылының соңында өтетін “Мектеп бітіру кешіне”, қорытынды аттестаттау және өзге де мектепішілік іс-шараларға байланысты төмендегі талаптарды назарларыңызға ұсынамыз:

 ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:
 9 және 11-сынып оқушыларынан мектеп қажеттіліктеріне орай ақша жинауға; 
Аниматорлар, әртістер, агенттіктер мен студияларды шақыруға; 
Мұғалімдерге немесе мектеп әкімшілігіне сыйлық беруге; 
Мектеп ішіндегі жөндеу немесе тазалық жұмыстарына қаражат жинауға; 
Мейрамханалар, ойын-сауық орталықтары, саябақтар мен автокөлік шерулерін ұйымдастыруға; 
Сынып ішінде дастарқан жаю немесе ата-аналардан қосымша ақша талап етуге.

 ҚАТАҢ САҚТАЛУЫ ТИІС ТАЛАПТАР:
“мектеп бітіру кеші” шарасына оқушының заңды өкілі ғана қатыса алады; 
 Барлық оқушыларға қауіпсіздік ережелері алдын ала таныстырылады; 
 Педагогикалық әдепті сақтау, әділдік пен жауапкершілік қағидаларын ұстану – ортақ міндетіміз; 
Ашықтық, әділеттілік және бірлік – мектеп ұжымы мен ата-ана арасындағы негізгі құндылық
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНА!
Біздің басты мақсатымыз – оқушылар үшін тәрбиелік маңызы жоғары қауіпсіз орта қалыптастыру. 
Екі жақты талаптарды бірлесе орындай отырып, өзара сенім мен сыйластыққа негізделген орта құру.