23
қаңтар
2025
Көңілді қоңырау. Мақал-мәтел сайысы.
Тілдерді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мақсатында «Көңілді қоңырау» атты мақал-мәтел сайысы өткізілді. Сайыс барысында қатысушылар қазақ тіліндегі мақал-мәтелдер арқылы ойларын айтып, тіл байлығын көрсетіп, өзара бәсекеге түсті. Әр қатысушы өз шығармашылығынан, халық даналығынан келтірілген нақыл сөздерді айтып, қазақ тілінің тереңдігін, маңыздылығын ұрпаққа насихаттауға үлес қосты. Жастар мен студенттер арасында өткен бұл сайыс тіл үйренуге деген қызығушылықты арттырып, қатысушыларға ой саларлық сәттер сыйлады. Іс-шараның қорытындысы бойынша үздік қатысушыларға арнайы сыйлықтар табыс етілді.
