Алматы қаласы Білім басқармасының
«Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы №190 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-71-79
Есепші бөлімі:
+7(727) 297-71-79
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
мамыр
2023

Эстетикалық пәндер бірлестігінің онкүндігі

Мектепішілік жоспар бойынша 24.04.2023-05.05.2023 жж. аралығында эстетикалық пәндер бірлестігінің онкүндігі өтті.


Мақсаты:

- эстетикалық цикл мұғалімдерінің жұмысында тәжірибе алмасу; 

- оқытылатын пәндерге оқушылардың қызығушылығын дамыту;

- оқушылардың пәндік құзыреттіліктерін дамыту және білім деңгейін көтеру; 

- оқушыларды дербестікке, шығармашылыққа баулу.

Онкүндіктің өткізілу қағидасы: әрбір оқушы апталықтың барлық іс-шарасына белсенді қатысады. 

Болжанған нәтиже: оқушының өзіне деген сенімділігі артады, тұлғаның коммуникативті дамуы жоғарылайды; оқуға деген қызығушылығы мен мотивациясы арта түседі.

Пәндік онкүндікті өткізу барысында әртүрлі көрнекіліктер қолданылды. Пәндік онкүндікке дайындық барысында іс-шаралар жоспары құрылды. Эстетикалық цикл пәндерінің онкүндігіне 1-11 сынып оқушылары қатысты. Онкүндікке дайындық пен өткізуге эстетикалық цикл әдістемелік бірлестігінің барлық пән мұғалімдері қатысты.

24 сәуір күні онкүндіктің салтанатты түрде ашылуы өтті. Онкүндік барысында жоспар бойынша өткізілген шаралар: АӘТД пәні бойынша «Табиғи апаттар аудандағы тұрғындардың әрекеті» тақырыбы бойынша Шукеев Руслан іс-шара өткізді. Дене шынықтыру пәні бойынша Мырзабеков Н. 4 «А» сыныбында «Доппен түрлендірілген ойындар», Туганбаев Ж.Н. 8 «А» сыныбында «Ойлы-қырлы жерлерден жүгіру. Кросс – 6 мин»,  Алдабергенов Е.Е. 5 «А» сыныбында «Денені қыздыру және тыныс алу жүйесін өалпына келтіру. Қысқа қашықтыққа жүгіру. Эстафеталық жүгіру» тақырыбында ашық сабақтар өткізілді. Музыка пәні бойынша 3 «Б» сыныбында Мухамеди Ж. «Лучший праздник в году», 5 «А» сыныбында Бегалиев А.С. «Өз елім» атты ашық сабақ өткізді. Көркем еңбек пәні бойынша Аманкулов Н. 5 «А» сыныбында «Электротехникалық арматура. Электр энергиясының әртүрлі көздерімен тәжірибе жасау «батарея гальваникалық элементтер» атты ашық сабақ өткізді. 

Сыныптан тыс іс-шара ретінде 7 мамыр және 9 мамыр мерекелеріне орай мектеп алаңында 5-7, 8-11 сыныптар арасында «Салтанатты саптық шеру» байқауы өткізілді. Дене шынықтыру пәндері мұғалімдері Алдабергенов Е.Е., Туганбаев Ж.Н. және Мырзабеков Н. ұйымдастыруымен 6-7, 8-11 сыныптар арасында мектепішілік воллейболдан жарыс ұйымдастырылды. Жеңімпаз командалар грамоталармен марапатталып, кубоктар табысталды. Жоспар бойынша белгілі себептермен 2 іс-шара өткізілмеді.

Барлық іс-шаралар жоғары деңгейде өтті. Мұғалімдердің жақсы дайындығы балалардың белсенділігін, эстетикалық пәндерге деген үлкен қызығушылықтарын арттырды. Онкүндікте мұғалімдер жақсы ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсетті. Жұмыстың сан алуан түрлері оқушылардың қызығушылығын арттырды. Онкүндіктің мақсаттары мен міндеттері орындалды.


https://www.instagram.com/reel/CsYrmAWMHvd/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==