Алматы қаласы Білім басқармасының
«Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы №190 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-71-79
Есепші бөлімі:
+7(727) 297-71-79
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
наурыз
2023

Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі онкүндігі

Мектепішілік жоспар бойынша 27.02.2023-10.03.2023 жж. аралығында бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің онкүндігі өтті.

Мақсаты:

 оқытудың сапалық деңгейін көтеру;

 білім берудің жаңа технологияларын енгізу;

 оқушылардың танымдық қызығушылығын ояту;

 оқытудағы белсенділік тәсілі;

 оқушылардың өзіндік бағалау дағдыларын қалыптастыру;

 үй тапсырмасының дәйектілігі мен мөлшері.

Онкүндіктің өткізілу қағидасы: әрбір оқушы апталықтың барлық іс-шарасына белсенді қатысады. 

Болжанған нәтиже: оқушының өзіне деген сенімділігі артады, тұлғаның коммуникативті дамуы жоғарылайды; оқуға деген қызығушылығы мен мотивациясы арта түседі.


Жоспарланған іс—шараның барлығы бекітілген жоспар бойынша және мерзімінде өткізілді. Іс-шараны дайындау барысында оқушылардың жас ерекшеліктері ескерілді. Әрбір іс-шара өз мақсатына жетті. Ашық сабақтар мен сыныптан тыс сабақтарда интерактивті құралдар мен АКТ қолданылды. Әрбір сабақ жақсы ұйымдастырылған. Барлық іс-шаралар мектептің әлеуметтік желілеріне салынып, өткізілген іс-шаралар жарияланып отырды.



https://www.instagram.com/reel/Cpu0uCYPuvO/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==​​​