12
наурыз
2025
Мұғалімдерге арналған оқушылардың мотивациясы мен білім сапасын арттыру бойынша шеберлік сабағы
«943 — еліміздегі мақсатты мектептерді дамыту» жобасын іске асыру шеңберінде Мақсатты мектептің тәлімгерлік жұмысы жоспарына сәйкес, 2025 жылдың 12 наурызында №190 жалпы білім беретін мектепте оқушылардың мотивациясы мен білім сапасын арттыру мақсатында мұғалімдерге арналған шеберлік сағаты өткізілді.
Аталған тренингті №94 мектеп-гимназиясының физика пәні мұғалімі Жақып Кәрімжан Бөкейханұлы өткізді.
Бұл ынтымақтастықтың мақсаты – педагог кадрлармен жұмыс жүйесін жетілдіру, кәсіби құзыреттілікті арттыру және қызметті өзін-өзі бағалау дағдыларын дамыту.
