Алматы қаласы Білім басқармасының
«Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы №190 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-71-79
Есепші бөлімі:
+7(727) 297-71-79
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
қыркүйек
2024

Мұғалімдерге арналған Инклюзия бойынша семинар

Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі жұмысының ерекшеліктері


Алматы қаласы білім басқармасының «Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы № 190 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 27.09.2024 ж. «Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі жұмысының ерекшеліктері»   тақырыбында инклюзивті білім беруді жүзеге асыру мақсатында семинар өтті. Семинарға мектеп әкімшілігі, бастауыш сынып мұғалімдері, пән мұғалімдері «психологиялық педагогикалық қолдау қызметінің» мамандары (арнайы педагог, логопед, психолог, әлеуметтік педагог, педагог-ассистенттер) қатысты.

Семинарда мектеп сыныптарында білім алатын ерекше білім алуды қажет ететін оқушыларды қолдау мақсатында жеке, бейімделген, жалпы бағдарламалармен оқытудағы басты мәселелер талқыланды:

  • мектептегі психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің құжаттарын бекіту (ППҚҚ құру туралы бұйрық, ППҚҚ жұмысының жоспары;

  • ерекше білім беруді қажет ететін  оқушылардың ПМПК қорытындыларымен танысу және ПМПК қорытындысына сәйкес жеке оқу жоспарларын бекіту;

  • жеке және бейімделген жалпы білім беру бағдарламаларының мазмұнын қарастыру және бекіту;

ерекше білім беруді қажет ететін  оқушылармен жүргізілетін психологиялық жұмыс ерекшеліктері.


Семинар​​​