29
сәуір
2025
Кәсіптік бағдар беру жұмыстары
Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмыстары – оқушылардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына бағытталған жүйелі және жоспарлы іс-шаралар кешені. Бұл жұмыстардың басты мақсаты – оқушылардың қабілеттері мен қызығушылықтарын анықтау, еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтармен таныстыру және білім беру ұйымдарына дұрыс бағыт-бағдар беру.
📌 Негізгі іс-шаралар:
Мамандықтар жәрмеңкесі
ЖОО және колледж өкілдерімен кездесулер
Кәсіби сынамалар (мастер-класстар, шеберлік сабақтары)
Психологиялық тестілеу және кеңес беру
Түлектермен кездесулер
Осындай бағыттағы жұмыстар оқушылардың болашақ өмірлік жолын дұрыс таңдауына, қоғамға пайдалы, кәсіби білікті маман болып қалыптасуына ықпал етеді.
