Алматы қаласы Білім басқармасының
«Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы №190 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-71-79
Есепші бөлімі:
+7(727) 297-71-79
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
сәуір
2023

Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініштерді қабылдау басталды

2023 жылғы талапкерлер! Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініштерді қабылдауды бастады!

Тіркелу 28 сәуір мен 14 мамыр аралығында www.app.testcenter.kz сайтында жүргізіледі.
ҰБТ өткізу мерзімі: 2023 жылғы 16 мамыр - 5 шілде.

МАҢЫЗДЫ (осы даталарды жаттап алыңыздар):
28 сәуір мен 6 мамыр аралығында ҰБТ-ның 1 мүмкіндігіне;
7 мамыр мен 14 мамыр аралығында 2 мүмкіндігіне өтініш беру қолжетімді болады.

Тестіленушілер ҰБТ-ға тіркелу кезінде тестілеудің өту ОРНЫН, КҮНІН және УАҚЫТЫН өздері таңдайды.

Естеріңізге сала кетейік, аталған кезеңде сіз тестілеуді 2 рет тапсырып (екі сертификат та жарамды), ең үздік нәтижемен білім беру грантын тағайындау конкурсына қатыса аласыз.

Бұл ҰБТ-ға қатыса алады:
-2023 жылғы мектеп және колледж түлектері;
-мектеп және колледждің өткен жылғы түлектері;
-шетелде 11(12) сынып білім алушылары;
-қандастар;
-шартты түрде оқып жатқан студенттер.

Ағымдағы (2023) жылдың мектеп түлектері ҰБТ-ға ТЕГІН қатысады, қалған тұлғалар үшін тестілеуге қатысу құны – 4 230 теңге.