Алматы қаласы Білім басқармасының
«Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы №190 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-71-79
Есепші бөлімі:
+7(727) 297-71-79
Нашар көрушілер
нұсқасы
Мұрат Әуезовтің 80 жылдық мерейтойына арналған көрме
23
қаңтар
2023
Мұрат Әуезовтің 80 жылдық мерейтойына арналған көрме
Қоғам қайраткері, мәдениеттанушы, дипломат Мұрат Әуезовтің 80 жылдық мерейтойына орай мектеп кітапханасында көрме ұйымдастырылды. Оқушылармен кездесу жүргізіліп, ғалымның өмірі, шығармашылығы туралы мағлұматтар берілді. ✅Мұрат Әуезов – көрнекті қоғам қайраткері, мәдениеттанушы ғалым, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының ✅Еңбек сіңірген қайраткері, "Алтын асық", "Тарлан" сыйлығының лауреаты. ✅"Времен связущая нит", "Иппокрен", "Уйти, чтобы вернуть" еңбектерінің авторы.
1 жартыжылдық қорытындысы бойынша педагогикалық кеңес
09
қаңтар
2023
1 жартыжылдық қорытындысы бойынша педагогикалық кеңес
5 қаңтарда 2022-2023 оқу жылының 1 жартыжылдық қорытындысы бойынша пед.кеңес өткізілді. Бұл кезекті педагогикалық кеңес ерекше форматта өтті. Кеңес барысында оқу-тәрбие бағытында есеп беріліп, мектепте орын алған бірқатар маңызды мәселелер туралы сөз қозғалып, педагогтерді ашық сұхбатқа тарту арқылы кері байланыс орнатылды. Әрбір ӘБ түрлі түстерге бөлініп, өздерінің креативтілігі мен шығармашылығын көрсете білді. Сондай-ақ, психологиялық тренинг жүргізілді.
Педагогикалық аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы 2023
31
желтоқсан
2022
Педагогикалық аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту
"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер онкүндігі
28
желтоқсан
2022
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер онкүндігі
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер онкүндігі қарашаның 28-нен желтоқсанның 9 аралығында өтеді. Осы апта ашық сабақтар, викториналар, сыныптан тыс шараларға толы болмақ.
Әдістемелік бірлестік жетекшілерінің кезекті отырысы
25
қараша
2022
Әдістемелік бірлестік жетекшілерінің кезекті отырысы
Әдістемелік бірлестік жетекшілерінің кезекті отырысы. Әдістемелік отырыста оқу барысы, оқушылардың үлгерімі, пән апталықтары, дарынды оқушылармен жұмыс, оқудағы олқылықтармен жұмыс және басқа да атқарылатын жұмыстар туралы мәселелер қаралып, есеп берілді.
"XXI Қазақстандық Халықаралық Білім және мансап-2022" көрмесі
24
қараша
2022
"XXI Қазақстандық Халықаралық Білім және мансап-2022" көрмесі
23-25 қараша аралығында Алматы қаласында "Атакент-Экспо" павильонында "XXI Қазақстандық Халықаралық Білім және мансап-2022" көрмесі өтуде. Осы көрмеге мектебіміздің 11 сынып оқушылары мен сынып жетекшілер қатысып қайтты. Бұл көрмеде барлық ниет білдірушілер жоғары оқу орындары, олардың білім беру бағдарламалары туралы толық ақпарат және барлық мәселелер бойынша толық кеңес ала алады.
"Мұхтар Шаханов - қайсар рухты ақын!" тақырыбына арналған әдеби кеші
16
қараша
2022
"Мұхтар Шаханов - қайсар рухты ақын!" тақырыбына арналған әдеби кеші
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Батырбекова Н.А. Оспанова Ф.А., Нарымбаева Ж.Д. ұйымдастыруымен М.Шахановтың 80 жылдығына орай "Мұхтар Шаханов - қайсар рухты ақын!" тақырыбына арналған әдеби кеші өтті. Кештің мақсаты: Қазақ поэзиясында өзіндік орны бар Мұхтар Шахановтың өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беріп, оқушылар бойына адамгершілік, рухани қасиеттерді сіңіру, отансүйгіштік сезімдерін ояту.