Алматы қаласы Білім басқармасының
«Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы №190 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 297-71-79
Есепші бөлімі:
+7(727) 297-71-79
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҚР Төтенше Жағдайлар Министрлігі «Қазселденқорғау» ММ-нің Алматы қалалық пайдалану-техникалық басқармасы су тасқыны, селден қорғану жөнінде алдын-алу туралы кезекші бастауыш,5,9,11 сыныптары оқушыларына дәріс оқыды.
26
ақпан
2021

ҚР Төтенше Жағдайлар Министрлігі «Қазселденқорғау» ММ-нің Алматы қалалық пайдалану-техникалық басқармасы су тасқыны, селден қорғану жөнінде алдын-алу туралы кезекші бастауыш,5,9,11 сыныптары оқушыларына дәріс оқыды.

2021 жылы ақпан айының 26-шы жұлдызында халықаралық  «Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар» күніне орай Бостандық ауданы  ЖББМ  Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы  №190 КММ-де бекітілген жоспар бойынша  Қазақстан Республикасы Төтенше Жағдайлар Министрлігі «Қазселденқорғау» ММ-нің Алматы қалалық пайдалану-техникалық басқармасы су тасқыны, селден қорғану жөнінде алдын-алу туралы кезекші бастауыш,5,9,11 сыныптары оқушыларына дәріс оқыды. Мектептің таулы аймақта орналасқанын басшылыққа ала отырып төмендегі іс-шаралар жүргізілді. «Қазселденқорғау» ММ-нің Төтенше жағдайлардың алдын-алу және қорғаныс құралдарын пайдалану бөлімі мамандары инженер Аманова Айсұлу Ерғалиқызы, инженер-гидрогеологтар Жанатбек Ақылғазы, Тоқтасын Әлішер Жеңісұлы «Төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл. Сел және қар көшкіндерінен сақтану шаралары» тақырыбында оқушылармен өз тәжірибелерімен бөлісті.

     Дәріс барысында оқушылар сел, су тасқыны, қар көшкінінің қаупі, сақтану ережелері мен табиғат апаттарының қандай себептерден пайда болатыны туралы мәліметтермен танысты. Табиғат апаттары болған жағдайда қандай іс-шаралар жүргізілу керектігін атап өтті. Қосымша оқушыларға қазақ, орыс тілдерінде мәліметке толы бейнероликтер көрсетілді және  жадынамалар таратылды. Мектеп оқушыларымен қоса қызметкерлері де толық мағлұмат алды. Дәріс соңын қорытындылай келе мектеп басшысы Немертов Нұрдаулет Серикович ҚРТЖМ «Қазселденқорғау» ММ-нің Төтенше жағдайлардың алдын алу  және қорғаныс құралдарын пайдалану бөлімі мамандарына үлкен алғысын білдірді.


26 февраля 2021 года в честь Международного Дня гражданской обороны и чрезвычайных ситуаций в КГУ №190 имени Шакарима Кудайбердиулы Бостандыкской СОШ  по утвержденному плану Алматинское городское эксплуатационно-техническое управление ГУ «Казселезащита» Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан прочитали лекцию для учащихся дежурных начальных,5, 9,11 классов школы о профилактике паводков,селезенки. Руководствуясь расположением школы в горной местности, были проведены следующие мероприятия. Специалисты отдела предупреждения чрезвычайных ситуаций и эксплуатации средств защиты ГУ "Казселезащита" инженер Аманова Айсулу Ерғалиевна, инженеры-гидрогеологи Жанатбек Акылгазы, Токтасын Алишер Женисович «Действия при чрезвычайных ситуациях. Мероприятия по предупреждению селей и снежных лавин» поделились с учащимися своим опытом.

     В ходе лекции учащиеся ознакомились с информацией об угрозе селевых потоков, наводнений, снежных лавин, правилами предосторожности и причинами стихийных бедствий. Отметили, какие мероприятия необходимо проводить в случае стихийных бедствий. Дополнительно учащимся были продемонстрированы информационные видеоролики и разданы памятки на казахском и русском языках. Вместе со школьниками были подробно ознакомлены и сотрудники. Подводя итоги лекции, руководитель школы Немертов Нурдаулет Серикович выразил огромную благодарность специалистам отдела предупреждения чрезвычайных ситуаций и использования средств защиты ГУ «Казселезащита " ВШ РК.

  

 

 

  

      

 

 











Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кәрібай Н.А

 

Зам директора по ВР  Кәрібай Н.А